Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты Ескелді ауылында, аудан орталығы Үштөбе қаласынан 12 км, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан.
Ауылдық округтің аумағында Ескелді, Қызылжар, Көкдала, Қайнар атты 4 ауыл бар.
Халық саны – 3128 адам, оның ішінде еңбекке жарамды адам саны – 2020, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 1928, экономика саласында жұмыс істейтіндер саны – 1887,олардың ішіндегі жастардың саны -651, 771 – түтін, 34 –көше бар.17 ұлт өкілі мекен етеді.
Округ тұрғындары арасында: 1-азамат Чернобыль апатына қатысқан, тыл еңбеккерлері -24 адам, 310-қария зейнеткер жасы бойынша зейнетақы алатын болса 81 адамға I, II, 21 -адамға III топтағы мүгедектігіне байланысты зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған. Сондай ақ округте 2 орта мектеп,1-орталау мектебі бар. 3-фельшерлік пункт, 1-Мәдениет үйі,1 балабақша, 1-ЖШС «Уштобинский», 127 жеке шаруа қожалықтары бар.