• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі 15. Телефон: 8 (72-834) 2-61-82

akimat
 
«Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ескелді ауылы, Жансүгіров көшесі № 15.
Байланыс телефоны: 2-61-82
Ескелді ауылдық округі, ертеректе Тельман ауылдық  советі   жұмысшылар депутаты және оның атқарушы комитеті болып 1939 жылы құрылған. Орталығы Достижение ауылы болған.
1963 жылы  орталығы Дальный Восток ауылына көшірілген.  Тельман ауылдық  советі   жұмысшылар депутуты және оның атқарушы комитетінің аумағына ТОР, Имано-Вакски, Достижение, Дзержинск, Приморец, МОПР колхоздары кірген. 1950 жылдары  Абай атындағы колхоздың құрамына кірген, Тельман ауылдық  советі   жұмысшылар депутаты және оның атқарушы комитетінің аумағына Дальный Восток, Достижение, МОПР, Дзержинск, Приморец, Фрунзе, Опытное поле ауылдары кірген.
1993 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңына сәйкес,  1993 жылы ауылдық әкімшіліктер құрылды.
1994 жылы 03 қаңтарда Ескелді ауылдық әкімшілігі, 1994 жылдың 3 қаңтарындағы № 3 Қаратал ауданы әкімшілігі басшысының өкімімен,   ауылдық әкімшілік аумағында  әлеуметтік-экономикалық дамуымен, экономикалық және шаруашылық  қызметті жүзеге асыруға басшылық ететін мемлекеттік орган болып құрылды.
Талдықорған облысы әкімінің  1995 жылдың 6 қазанындағы №1-6-ө өкімі негізінде Ескелді ауылдық округі болып құрылды.
Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты Ескелді ауылында, аудан орталығы Үштөбе қаласынан 12 км,  облыс орталығы Талдықорған қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан.
Ауылдық округтің аумағында Ескелді, Қызылжар, Көкдала, Қайнар атты  4 ауыл бар.
Ауылдық округтегі барлық тұрғындардың саны 3355 адам. Ескелді ауылында - 1393 адам, аулалардың саны - 281. Қызылжар ауылында - 1163 адам, аулалардың саны - 280. Көкдала ауылында - 661 адам, аулалардың саны - 120. Қайнар ауылында - 138 адам, аулалардың саны - 14.
Бүгінгі күнге ауылдық округтің аумағында «Уштобинский» ЖШС-гі, 44 шаруа қожалықтары және 8 жеке кәсіпкер /сауда нүктелерінің/ тіркелген.
Ауылдық округтің аумағында 3 орта мектеп, 3 - ФАП, 1- ауылдық кітапхана, 2 - мәдениет үйі, 2- пошта бөлімшесі орналасқан.

 

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

19.03.20-kall

etika

Социальная помощь

enbek kz

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана